Қарағандылық "Шахтер" жаңа бас бапкер Әли Әлиевпен келісімшартқа отырды.
Қазақстандық маман жұмысқа кірісіп те кетті. "Шахтер" басшылығы Әлиевті ойыншылармен таныстырды, бүгін ол қарағандылық клуб сапындағы алғашқы жаттығуын өткізді.
Бұған дейін Әлиев "Қызыл-Жар" клубының бас жаттықтырушысы болып жұмыс істеп, команданы Бірінші лигадан Премьер-лигаға шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, "Шахтер" өткен маусымда төртінші орынға ие болды және алдағы маусымда Конференция лигасында бақ сынайтын болады.
Біздің серіктес: FONBET