Әли Әлиев: «Суперкубок ойындарының алдында біз табиғи апатқа тап болдық»

06.03.2021, 00:03
«Шахтер» Премьер-лиганың алғашқы турында «Атырауға» қонаққа барады.
Әли Әлиев: «Суперкубок ойындарының алдында біз табиғи апатқа тап болдық»

«Шахтердің» бас бапкері Әли Әлиев Қазақстан Суперкубогінде үшінші орын үшін таласта «Қайратпен» болған матч туралы пікір білдірді (1:2).

- Матч соңында командаға физикалық күш жетіспеген секілді, сіз қалай ойлайсыз?

- Дұрыс айтасыз. Мен бұл туралы айтқым келмеді, бірақ біздің команда суперкубок ойындарының алдында 5-6 күн бойы алаңға шықпады, қандай да бір табиғи апатқа ұшырадық. Бізде толық өлшемді стадионда бутсымен жаттығу мүмкіндігі болмады, еденде қарапайым аяқ киіммен жаттығуға тура келді. Бұл команданың дайындығы үшін өте маңызды цикл болды. Сондықтан ойыншылардың физикалық жағдайы нашарлап, шаршай бастады және менің ойымша, 70-минуттан кейін бұл қатты байқалды.

- Жан Али Пайрузды неге алмастырдыңыз? Ол өте жақсы ойнады емес пе? Әлде жарақат алып қалды ма?

- Иә, Жан Али жарақат алып қалды, бірақ ол өзіне берілген мүмкіндікті жақсы пайдаланды. Пайруз екінші таймның басында-ақ жарақат алды, содан кейін оның ойыны нашарлай бастады, сондықтан оның позициясына тың ойыншы шығару туралы шешім қабылдадық.

- Тағы бір ойыншыны атап өткім келеді, Сұлтанов алаңға Бааның орнына негізгі құрамда шықты және өте керемет ойнады. Карам негізгі ойыншылардың бірі болып санала ма?

- Әрине, кім клубтың талаптарына сай болса, сол ойнайды. Біз Гидеонға «Астанаға» қарсы матчта ойнауға мүмкіндік беріп, матчты талдағаннан кейін оның Томасовқа қарсыласа алмағанын көрдік. Сонымен қатар Гидеон ауырып қалып, біраз уақытқа қатардан шығып қалды, сондықтан бұл оның негізгі құрамнан шықпауының объективті себебі болды. Карам Сұлтанов оны еш қиындықсыз алмастырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×