Алию Абубакар: «Клубта жай командаластарым ғана емес, ағаларым да бар»

09.08.2020, 23:22
«Оқжетпестің» жаңадан келген ойыншысы Алию Абубакар клубтың баспасөз қызметіне өзінің Көкшетаулық клубқа ауысуы туралы айтып берді, сонымен қатар «Шахтер» сапындағы қызықтарын еске түсірді. ⠀
Алию Абубакар: «Клубта жай командаластарым ғана емес, ағаларым да бар»

- Алию, жаңа командаға ауысуыңмен құттықтаймын! 2013 жылы сіз Нигерия U17 командасымен жастар арасындағы әлем чемпионы атандыңыз. Сіздің мансабыңыздағы жаңа кезең туралы не ойлайсыз? ⠀ ⠀

- Біріншіден, мен "Оқжетпесте" ауысқаныма өте қуаныштымын. Алға қойған мақсаттарға жетуде командаға барынша пайда әкелгім келеді. Жақында матчтар жалғасады деп үміттенемін. Және жанкүйерлермен жақын арада қауышамыз деп үміттенемін.⠀ ⠀⠀

- Сіздің соңғы клубыңыз «Шахтер» болды. Қарағандылық клубтағы уақытыңызды қалай бағалайсыз? ⠀ ⠀⠀

- Пандемияға байланысты өзімді дәлелдеуге және "Шахтер" үшін ойнауға мүмкіндігім болмады. Жалпы, бұл кезең мен үшін өте ауыр болды. Алайда мен «Шахтёрға» осындай мүмкіндік бергені үшін ризамын. ⠀ ⠀⠀

- Сіз бұрын "Оқжетпес" туралы бірдеңе естідіңіз бе? ⠀ ⠀⠀

- Мен мұнда келмес бұрын агент маған команда туралы көптеген жақсы нәрселер айтты. Мен «Оқжетпестің» жаттықтырушылары мен менеджерлері ойыншылардың кәсіби өсуіне және жетілуіне көмектесуге тырысатын керемет адамдар екенін білемін. Көкшетау - кішкентай, бірақ әдемі қала, мейірімді адамдар тұрады. ⠀ ⠀⠀

- Ұжымда сізді қалай қарсы алды? ⠀ ⠀⠀

- Маған «Қош келдіңіз!» деп айтты. Қазір өзімді үйде жүргендей сезінемін. Клубта жай командаластарым ғана емес, ағаларым да бар. Барлық ойыншылардың мінезі жақсы және алға қойған мақсаты жоғары. ⠀ ⠀⠀

- Ендеше, сәттілік! Сіз команда жетекшілерінің бірі боласыз деп үміттенеміз. ⠀ ⠀⠀

- Рақмет. Қазір бұл менің арманым. ⠀

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×