Виллиан «Челсиден» кетті

10.08.2020, 00:38
Виллиан жақын арада «Арсенал» сапын толықтырады.
Виллиан «Челсиден» кетті

"Челси" футбол клубының бразилиялық шабуылшысы Виллиан келісімшартының аяқталуына байланысты командадан кетті.

"Челси" басшылығы ойыншыны клубта қалады деп сенген еді. Бірақ Виллианға тек екі жылдық келісімшарт ұсынды. Ал Виллиан үш жылдық келісімшарт түзгісі келді.

"Челсиде" керемет жеті жылды өткіздім. 2013 жылы тамызда "Челсиден" ұсыныс түскен кезде мен дәл осы жерде ойнауым керек деп ойладым. Бүгін мен бұл шешімнің дұрыс екеніне көзім жетті. Бақытты кездер көп болды, қайғылы кездер де, титулдар жеңіп алдық, және әрқашан өте қарқынды команда болдық.

Жүлдеден басқа мен өзім туралы көп нәрсе білдім. Мен жақсы ойыншы және жақсы адам бола отырып, көп нәрсені дамыттым. Әр жаттығуда, әр ойында, тіпті киім ауыстыру бөлмесінде өткізген әр минутта мен үнемі бірдеңе үйреніп жүрдім.

"Челсидің" жанкүйерлеріне мені "Стэмфорд Бриджде" қарсы алғаны үшін және клуб ішінде бүкіл уақыт бойы қолдау көрсеткендері үшін шын жүректен ризамын. Сын да болды, бұл қалыпты жағдай, ең бастысы, сүйіспеншілік те, тағылған сын да мені ән жаттығуда, әр ойында, тіпті «Челси» жейдесіндегі ең соңғы минутыма дейін үнемі ойынымды жетілдіріп отыруға мәжбүр етті!

Енді алға жылжу уақыты келді. Мен командадағы достарымды сағынатын боламын. Маған әрдайым өзінің ұлы ретінде қарайтын клубтың барлық қызметкерлерін сағынамын және жанкүйерлерді сағынатын боламын. Мен мұнда бәрін жеңіп, клубтан абыроймен кетіп бара жатырмын. Барлығыңызға шын жүректен алғыс айтамын және сіздерді Құдай жарылқасын!

Айта кетейік, Виллиан жақын арада "Арсенал" ойыншысы атанады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×