«Астана» Чемпиондар лигасында қалай ойнайды?

10.08.2020 00:07 ҚПЛ

Бүгін «Астана» командасының Чемпиондар Лигасындағы қарсыласы анықталды. Ол Беларусь чемпионы «Динамо» (Брест). Жеребе қорытындысы туралы команданың бас бапкері Михал Билек өз ойымен бөлісті.

«Астана» Чемпиондар лигасында қалай ойнайды?

- Біз Чемпиондар Лигасының басталуын асыға күтудеміз. Алайда команда өте қиын жағдайға түсіп отыр. Біздің ресми ойын өткізбегенімізге 5 айға жуық уақыт өтті. Команда соңғы уақытта ғана толыққанды жаттығу жұмыстарын жасап жатыр. Дегенмен, біздің алдымызға жоғары міндеттер жүктелген. Біз ішкі біріншілікте де, еурокубокта да жақсы нәтиже көрсетуге тиіспіз. Алдағы ойынға дейін бір аптадай уақыт бар. Сондықтан осы сәтті лайықты пайдаланып, ойынға барынша тыңғылықты дайындықпен келуге тырысамыз. ⠀

- Жеребе біз үшін қаншалықты сәтті түсті деп ойлайсыз?

- Бізге ол туралы ойлаудың қажеті жоқ. Қарсыласты қабылдап, аталмыш ойынға дайындық жасауымыз қажет. Бапкерлер құрамы қазірден бастап қарсылас туралы ақпарат жинауға кірісіп кетті. ⠀

- «Астана» Чемпиондар Лигасы алдында Урош Радакович есімді орталық қорғаушыны қатарына қосты. Бұл ойыншыға қандай баға бересіз?

- Урош Чехия чемпионатында «Сигма» мен «Спарта» сапында, сондай-ақ өткен маусымда «Оренбург» құрамында өзін жақсы қырынан көрсеткен білікті жас футболшы. Оның команданың құрылымына және жаңа ұжымға бейімделуі үшін уақыт қажет екені түсінікті, әсіресе ол бізге келесі аптада ғана қосылады. Бірақ Урош бізге маусымға арналған тапсырмаларды орындауға көмектеседі деп үміттенемін.

0 пікір