«Қайрат» пен «Ордабасы» Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде кіммен ойнауы мүмкін?

10.08.2020, 14:46
Екі команда үшін де қиын қарсыластар жоқ секілді.
«Қайрат» пен «Ордабасы» Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде кіммен ойнауы мүмкін?

Алматылық «Қайрат» бүгін, 10 тамызда Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласын анықтайтын болады.

Келесі төрт команданың бірі Алексей Шпилевский шәкірттерінің қарсыласы атанады: «Ноа» (Армения), «Сумгаиыт» (Әзірбайжан), «Петрокуб» (Молдова), «Локомотив Тбилиси» (Грузия).

Сонымен қатар Шымкенттік «Ордабасы» клубының да Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде ойнауы мүмкін қарсыластары анықталды.

Бірінші іріктеу кезеңінде «Ордабасы» келесі үш команданың бірімен ойнайды: "РФШ" және «Валмиера» (екеуі - Латвия), «Ботошани» (Румыния).

Жеребе Швейцарияның Ньон қаласында өтеді және Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады. УЕФА-ның ресми сайтында тікелей эфирден көре аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×