Мюнхендік «Баварияның» ойыншысы Тиаго Алькантара «Портумен» өткен матч туралы ойымен бөлісті.
«Әрине, жарақаттан емделу - ауыр үдеріс. Футболды әбден сағындым. Әр ойында бар күшімді салып, гол соғуға тырысудамын. «Портуға» қарсы кездесуді тамаша өткіздік», - деді Тиаго.
Естеріңізге сала кетсек, испаниялық футболшы былтыр ауыр жарақат алып, бір жарым жыл мерзімінде жасыл алаңға шықпаған болатын.