Фалькаоның болашағы белгісіз

23.04.2015, 02:11
Фалькаоның болашағы белгісіз
«Манчестер Юнайтед» клубында жалда жүрген колумбиялық шабуылшы Радамель Фалькаоның болашағы әзірше беймәлім. Бұл жөнінде «Монако» клубының вице-президенті Вадим Васильев «Nice-Matin» газетіне берген сұхбатында жариялады: «Мен «Манчестер Юнайтед» басшылығымен өткен жексенбіде кездестім. Олар әлі толықтай бір шешімге келген жоқ. Фалькао маусымды сәтсіз өткізуде, дегенмен «МЮ» оны толықтай сатып алуға құқылы. Басшылық бір шешімге келмей, біз басқа клубтармен келісімге қол қоя алмаймыз». Биылғы маусымда Радамель Фалькао «Қызыл сойқандар» сапында 22 матч өткізіп, 4 голдың және 4 нәтижелі пастың авторы атанды.    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×