Алмат Бекбаев «Ертісте» қалмайтын болды

28.01.2016, 00:56
Алмат Бекбаев «Ертісте» қалмайтын болды
2015 жылдың соңында 31 жастағы қақпашының «Ақтөбе» клубымен келісім-шарты аяқталған. Сондықтан да ол еркін агент ретінде биылғы маусымдағы бірінші оқу-жаттығу жиындарын «Ертіс» сапында бастап, бақылаудан өткен болатын. Бірақ, жиын соңында қақпашы клуб басшыларымен бітімге келмеген екен. «Жаттығу жиындарын өте жақсы өткіздік. Димитров бапкердің білікті екеніне көзім жетті. Мықты ұжым қалыптастырып келе жатыр. Команда ішіндегі атмосфера да тамаша. Давид Лория, Антон Цырин секілді қақпашылармен көп жұмыс істедік. Жаттығу жұмыстарының қалай аяқталғанын білмей қалдым. Бірақ, жиын соңында клуб басшыларымен келісімге келе алмадым. Дегенмен, «Ертіс» сапында өткізген уақытыма өкінбеймін. Өйткені, жақсы дайындық жұмыстарын өткіздім. Енді қай клубқа барсам да, дайындығым мықты. Сол үшін павлодарлық командаға рақмет айтқым келеді. Қазір үйдемін. Агентім жаңа клуб қарастырып жатыр. Бұйырса, ақпан айының басында қай командаға баратыным белгілі болып қалар»
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×