Алмат Бекбаевқа Премьер-лига клубтарынан ұсыныс түсті

16.01.2021, 23:30
Бекбаевтың «Жетісумен» келісімшарты аяқталды.
Алмат Бекбаевқа Премьер-лига клубтарынан ұсыныс түсті

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, тәжірибелі қақпашы Алмат Бекбаев жаңа маусымда "Жетісуда" өнер көрсетпейді. Қақпашының клубпен келісімшарты аяқтады.

36 жастағы футболшы қазір бірқатар ҚПЛ клубтарымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Солардың бірі - "Арыс", Түркістан облысының намысын қорғайтын клуб биыл Премьер-лигада алғаш рет өнер көрсетеді.

Бекбаев әзірге шешім қабылдауға асықпайды. Нақты шешім клубтар жаңа маусымның міндеттерін, сондай-ақ бас бапкерлердің есімдерін анықтағаннан кейін қабылданатын болады.

Бекбаев "Жетісуға" 2018 жылы ауысып келді. Бұған дейін "Ордабасы", "Ақтөбе", "Тобыл" және "Ертіс" командаларында ойнаған. Сондай-ақ, соңғы бірнеше жыл ішінде ол Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар құрамының назарында болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×