Джаба Канкава франциялық клубқа ауысты

16.01.2021, 23:41
Жақын арада Ника Квеквескири де «Тобылдан» кетуі мүмкін.
Джаба Канкава франциялық клубқа ауысты

"Тобыл" клубының жартылай қорғаушысы Джаба Канкава франциялық "Валансьенмен" келісімшартқа отырды.

Грузия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Джаба Канкава "Тобылға" 2018 жылдың қаңтарында қосылды. Жалпы жартылай қорғаушы қостанайлық клубта 76 ойын өткізіп, 4 гол соқты. Жаңа клубпен келісімшарты 2021 жылдың маусымына дейін жасалды.

"Валансьен" Францияның екінші лигасында ойнайды. Қазіргі уақытта клуб 27 ұпаймен оныншы орында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, "Тобыл" өткен маусымда чемпионатты екінші орынмен аяқтады. 34 жастағы Канкава 19 матчқа қатысып, бір гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×