«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жолдама алды

17.01.2021, 00:05
Келесі кезеңнің ойындары 16-21 ақпан күндері өтеді.
«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жолдама алды

Алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты. 1/16 финалдық кездесуде "Қайрат" Беларуссияның "ВитЭн" командасын сырт алаңда 5:3 есебімен жеңді.

Каканың шәкірттері бірінші таймда жауапсыз үш гол соғып, жеңіске жеткісі келетіндіктерін дәлелдеді. Алматылық клуб сапынан Савио (11 секунд), Умберто (16 минут), Диего (18 минут) көзге түсті.

Екінші таймның басында "ВитЭн" екі гол соғып кетті. Алайда кезекті шабуылдардың бірінде Біржан Оразов есепті 4:2-ге жеткізді. 36-минутта беларуссиялықтар тағы бір гол соқты, бірақ екі минуттан кейін Дуглас Коста "Қайраттың" басымдығын қайта қалпына келтіріп, ойынның нүктесін қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×