Алмат Бекбаевтің қай командаға ауысатыны белгілі болды

28.02.2021, 04:02
Бекбаев өткен маусымда «Жетісу» жейдесінде 10 матч өткізіп, 10 гол жіберіп алды.
Алмат Бекбаевтің қай командаға ауысатыны белгілі болды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Қазақстанның ең үздік қақпашыларының бірі Алмат Бекбаев жақын арада "Қызыл-Жар" ойыншысы атанады.

Осы қыста петропавлдық клуб бірнеше назар аударарлық трансферлер жасады. Атап айтқанда, ҚПЛ-де өзін жақсы жағынан көрсеткен черногориялық Дарко Зорич пен бразилиялық Данило Альмейданы қатарға қосты, ал команданың жаттықтырушылар құрамына ЕУРО-2008 турнирінің қола жүлдегері Денис Колодин қосылды.

Соңғы 2 жылын Бекбаев "Жетісуда" өткізді. Маусымаралық үзіліс кезінде ол "Тұран" командасына қосылады деп күтілген еді, бірақ қақпашының өзі басқа клубтың ұсынысын күткісі келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×