Алматы облысында жаңадан «Жетісу» қыздар футбол командасы құрылды

04.03.2011, 21:09
Алматы облысында жаңадан «Жетісу» қыздар футбол командасы құрылды

Алматы облысында жаңадан «Жетісу» қыздар кәсіби футбол командасы (КФК) құрылды, деп әкімнің баспасөз қызметінен хабарлады. «Команда ҚР чемпинатында ойын көрсетіп жүрген жеті команда арасында чемпинат сыйлығына таласатын болады», - деді команда жетекшісі облыс әкімі Серік Үмбетовпен жұма күнгі кездесуінде. КФК басшыларының мәліметтерінше, әйелдер командасы 18 ойыншыдан тұрады. Олардың жартысы Талдықорған тұрғындары да, қалғандары Кентау, Өскемен, Алматы қалаларының кәсіби командаларынан шақыртылды. Бас бапкер болып бұрындары «Жетісу» ерлер командасында ойнаған Денис Мамонов тағайындалды. Хабарда айтылғандай, облыс әкімінің кездесуінде ерлер командасының футболшылары қатысты. Осы маусымда ерлер командасына Ресей, Қытай, сондай-ақ басқа да қазақстандық «Тобыл», «Локомотив», «Шахтер» сынды клубтардан 11 ойыншы шақырылды. Олардың арасында Қазақстан құрамасының ойыншылары Сергей Остапенко, Сергей Скорых бар, және өткен маусымның үздік бомбардирі Ұлықбек Бақаев, өткен маусымда Ресейдің премьер-лигасында ойнаған Арунас Климовичус бар. Сондай-ақ Алматы облысының бірінші лигасының «Сұңқар» командасының 3 ойыншысы бар. Облыс басшысы сырттан шақыртылған барлық футболшыларға жалға баспана беруге, және оны төлеу облыстық бюджет есебінен болатынына уәде етті. «Ал коммуналдық тұрғын үй құрылысы аяқталған соң сіздер жаңа баспана алатын боласыздар», - деді облыс басшысы. Облыс әкімінің айтуынша, 2011-ші жылдың маусымының табысты өтуіне команда үшін барлық жағдай жасалған. Футбол командаларының негізгі және қосалқы құрамаларының жаттығулары Түркия мен Өзбександа өтті, жабдықтар сатып алынып, жаңа ойыншылармен келісімшарттар жасалды. Барлық инфрақұрылымы бар, жылытылатын запастағы жаңа алаң құрылысы аяқталып келеді. Ол аз десеңіз, облыс әкімі тағыда жаңа екінші алаң салу мәселесін қарастыруға уәде етті. Жалпы, биыл «Жетісу» кәсіби футбол клубына облыстық бюджеттен Т9,4 млн қаражат бөлінген. «Сіздердің міндеттеріңіз – тек ойнап, жеңіске жету ғана», - деді спортшыларға облыс әкімі. Дереккөз: ҚазТАГ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×