Алматыда футболдан жасөспірімдер арасында "Қысқы демалыс-2012" турнирі өтті

24.01.2012, 19:50
Алматыда футболдан жасөспірімдер арасында "Қысқы демалыс-2012" турнирі өтті
Алматыда 15-22 қаңтар күндері  футболдан жасөспірімдер арасында "Қысқы демалыс-2012" турнирі өтті. Дәстүрлі бұл шара биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахмтұлы Қонаевтың 100 жылдығына арналды. Бәсекеге  2001 жылы туған жасөспірімдердің  6 командасы қатысқан болатын. Ақтық сында "Цесна-2001" мен "Жеңіс" (11:0), "СДЮШОР-2" пен МФК "Кайрат"(1:7), "Еңбек" пен "СДЮШОР-2" (2:0) кездесті. Қарсыластар қақпасын 31 рет дәл көздеп, өздеріне 5 доп жіберіп алған Дмитрий Шеремет жаттықтыратын "Цесна-2001" аяқдопшылары 13 ұпаймен турнирдің жеңімпазы атанды.  Бірдей ұпай жинағанмен өзгелерге 22 доп енгізіп, өздеріне 3 доп кіргізіп алған "МФК Қайрат" екінші орын алды. Қарсыластарға 13 доп соғып, өз қақпаларына 12 доп жіберген "Еңбек" 9 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. Ал "Жеңіс", "Қайрат", "СДЮШОР-2" командалары 4-6 орындарды өзара бөлісті.  Жарыс қорытындысы бойынша "Цесна - 2001" командасынан  Айбол Башенов үздік мерген, Мират Кабзаки үздік ойыншы, "Еңбек" командасынан Рахман Асматуллаев үздік қорғаушы, "МФК "Қайрат" командасынан Юрий Ким үздік қақпашы, ал Евгений Ким үздік шабуылшы аталымдары бойынша жеңімпаз деп танылды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×