Алпыстағы “Қайраттан” алтыдағы “Астана” қалай озды?

10.11.2014, 07:59
Алпыстағы “Қайраттан” алтыдағы “Астана” қалай озды?
astana Қазақ даласын қызыққа бөлеген ҚПЛ-дің тағы бір маусымына нүкте қойылды. Бас лигада кімнің чемпион болып, кімнің шет қалғанын сөз етпей-ақ қойдық. Бұл басқа әңгіме! Менің айтпағым, ел біріншілігінің елді ерекше таңғалдырған тұстары. Қатпары қалың қалталы қулықтары. Қулықтары демеске амалымыз жоқ, көп жанкүйер “биыл саясат чемпион болды!”- Деп шулап жүр. Бір есептен бұл сөздің де жаны жоқ емес. Төменде ел лигасындағы сол күдікке жетелейтін көлеңке түскен күңгірт тұстарға шырақ жарығын түсіріп көрейік: Азулы “Ақтөбе” жол ортада неге “қалғып кетіп қайта оянды”? Былтырғы ел чемпиондары біріншілікті биыл да керемет бастады. Он неше тур бойы ұпай жоғалтпаған батыстық ұжым чемпионатың бел ортасы ауа бере “қалғып кеткендей” болды. Бір жақсысы, алғашқы жартылықта ие болған зор басымдылықтарының арқасында алғашқы айналымда бірінші орынын сақтап қала алды. Өкініштісі, бұл тоқырау екінші айналымда да оңала қоймады. Бұған Еуро додалардағы сәтсіздіктері қосылып, ақтөбеліктер бас бапкерлерін ауыстырып тынды. Осы аралықта Алматылықтар мен Астаналықтарды алдыға жіберіп алды. Бір қуанарлығы, соңғы турларда “сілкініп оянған” ел мықтылары ең соңында екінші орынға табан тіреді. “Қайрат” неге өз-өзіне “қол салды”? Оңтүстік астаналықтарды осыдан бірқанша жылдар бұрын төменгі лигаға түсіп кету қаупы алаңдатып жүрген болса, Валдирмир Вайсс келгелі түлеп сала берді. Былтыр қолаға қол созған “қайраттан” жанкүйер қауым тек алтын күткен биыл. Чемпионатты сәтсіз бастағанымен өз ойындарын тез оңай алған алматылықтар тұрақты ойындарының арқасында соңғы бірнеше турға дейін көш бастап тұрды. Өкініштісі, соңғы алты турдың тек біреуінде ғана жеңіске жете алды. Осылайша алтыннан үмітті Алматы тағыда қоланы қанаңғат тұтты. Бұған кіналі “Қайраттың” өз әкімшілігі, бес бірдей! негізгі құрам ойыншысын қатарларынан сызып тастады. Неге? Қай команда өз ойыншыларын “бір кездесуде жақсы өнер көрсете алмадың”- деп қатардан куыушы еді? Бұл жерде де бір күдік бар екені сөзсіз... “Қайратқа” қысым жасалғаны сөзсіз! Чемпонаттың орта тұсынан бастап XXVI- турға дейін керемет ойнаған Вайысc шәкірттеріне сан түрлі қалпақтар кигізіліп, айдарлар тағыла бастады. Команда құрылғанна биыл 60 жыл толатындығы сондай сөз баққан қуларға табылмайтын азық болды. “Қайраттың 60 жылдығына ҚПЛ чемпиондық атақты сыйға тартпақшы!”, “Қайрат чемпиондықты сатып алды!” деген алып қашпа сөздер Қазақ даласын кезіп кетті. Бұл сөздерді таратып жүрген пысқтарға “Қайраттың” 2004 жылы чемпион болғаны тіпті жақсы болды, осыны көлденең тартып, көк езулеріне көпір етер дәлел санап көкіді-ай келіп. Осы қауесеттен сескенген ҚПЛ басшылары бұндай саудадан қолдары таза екенін танытқсы келдіма, қайдам, соңғы турларда төрешілер тарапынан “Қайратқа” қарата қысымды үдетіп жіберді. Бұндай көрініс Алматыдағы “қайрат” - “қайсар” кездесуінен бастап анық көріне бастады. Бұл қысас соңғы турдағы “Астанаға” қарсы ойынға дейін тоқтаған жоқ. Бұған “Қайрат” қатарынан бес ойыншының қуылғанын қосыңыз. Командалар да алматылықтарға ақкөңілділік таныта қойған жоқ. Бұған “Астананың” “Ақтөбеге” қарсы қосалқы құрамын жіберіп, ал Алматыда бар күш-жігерлерін сала ойнағанын айтсақ та жеткілікті. Алыптардың алдын орағыш “Қайсар” неге “Астанаға” қауқар  таныта алмады? Шыны керек, соңғы турларда “Қайсар” командасы чемпиондықтан үміткер ұжымдардың ұпайын ұрлаудың хас шебері боп көрінген еді. Бірақ, өз алаңында “Ақтөбемен” сырт алаңда “Қайратпен” ұпай бөліскен бірінші астаналықтар бүгінгі астаналықтар алдында қауқарсыз болып шықты. Шешуші сәтте шеберліктерінен ши шыққан Огай шәкірттері “Астананы” оңай чемпион етіп жіберді. Кубктегі күлкілі көріністер нені түсіндіреді? Қазақстан кубгінің жартылай финалында “Астана аренада” бір майдан сценарийы дайын спектакль қойылды. “Астана” “Ақтөбеге” қарсы толықтай қосалқы құраммен ойнап батыстықтарға “есе жіберді”. Бұл не үшін? Премер лигамен ел кубгін қатар алса астаналықтардың тақиясына тар келетін бе еді? Жоқ әлде, чемпионаттағы қос кездесуде ақтөбеліктерден алты ұпайды сыйға алу үшін әдейі жасады ма? Қалай десекте, биыл астаналықтар мен ақтөбеліктердің арасы жақын, ым-жымы бір көрінді. Бұған баста айтқанымдай астаналықтардың сырт алаңдағы кездесуін тағы да қосалғы құрам ойыншыларымен ойнап жеңілгені және Алматыда “Қайратты” құрықтағаны дәлел болады. Хош, қалай дегенмен тартысқа толы жыл болды. Қалтарыс, қаға берістерін есепке алмасақ, ел біріншілігінде тәп-тәуір өсу бар секілді көрінді. Енді ел үздіктеріне келеі жылы Еуро додаларда сәттілік тілейміз... Қуанышхан Өмірхан
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×