“Алтай” ешкімді алмай ма?

Бірінші Лиганың жазғы трансферлік терезесінің ашылғанына 10 күндей уақыт өтті. Маусымның орта беліне жақындап қалған ұжымдар барынша құрамын жасақтап, жаңа леппен қалған кездесулерді сәтті аяқтауға бекініп отыр. Алайда чемпионаттағы 14 команданың барлығы дерлік футболшы алуға асығар емес. Оның ішінде өскеменнің “Алтайы ” бар. 

“Алтай” ешкімді алмай ма?

Вахид Юнусович Масудов баптайтын “Алтай” Бірінші Лиганың жаңа маусымын “Оңтүстік Академиясына” қарсы жеңіспен бастады (0:2). Одан кейін екі рет тең ойнап, сырт алаңда “Тараздан” есе жіберіп қойды. Команда 5-турдан 9-турға дейін жақсы қарқын алды. Әсіресе шабуылшы Әділет Омарбектің 11 кездесудегі 6 голдық нәтижесін ерекше атап өткен жөн. Аталған ойыншының көмегімен “Алтай” тартысты кездесуде Премьер-лигадан үмітті “Шахтерден” де басым түсті. Дәл қазіргі сәтте Масудов шәкірттері 23 ұпаймен турнир кестесінде 4 орында келеді. Команданың гол жіберу мен гол соғу нәтижесі қанағаттандырарлық. Лиганың командалары өз қақпасына кемінде 10 голдан жіберіп жатса, “Алтай” жақсы қорғанысының көрінісі ретінде тек 7 голды жіберген екен. Оның үстіне құрамының басым бөлігі жас футболшылардан құралған. Трансфермаркет порталы мәліметінше, клубтың орта жасы 22,9 жасты құрапты. Вахид Масудовтың командасына ендігі керегі тәжірибелі қорғаушы. Бәсекелестікке бейім, кез-келген сәтте қорғаныстағы жас командаластарына құнды кеңес бере алатын аяқдопшы болса, нұр ұстіне нұр болар еді. Алдағы кездесуде “Ертіс” пен “Каспий” бұл ұжымға қарсылас атанады. 3 ұпайға тартыстың көкесі сонда болады. Бұны 65 жастағы маман бізден жақсы түсініп отыр. Мүмкін жақын аралықта “Алтайдың” бір жақсы трансферінің куәсі болып қалармыз… Бастысы Масудовтың жастармен тез тіл табыса алатын қасиеті өскемендік команданың оң жамбасына тиіп жатқанын көріп жатырмыз. Клубтың үйлесімді ойыныда соған әкеліп тіреуде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×