Дархан Бердібек - “Жеңіс” ойыншысы атанды

“Ақтөбе” клубының ойыншысы “Жеңіске” жалға берілді.

Дархан Бердібек - “Жеңіс” ойыншысы атанды

Осыған дейін Aladop порталы Дарханның “Ақтөбеден” кету ықтималдығы жоғары екенін жазып кеткен болатын. Міне араға бір күн салып, Бердібектің басқа командаға кеткендігі жайында ақпарат таратып отырмыз. 

Дархан жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетеді. Премьер-лига мен Қазақстан Суперкубогын қоса есептегенде, “Ақтөбе” үшін 13 ойын өткізді. Оған дейін өзі түлеп ұшқан ақтаулық “Каспиде” 29 кездесуде алаңға шықты.

Бердікбекті жалға алған “Жеңіс” командасы Премьер-лиганың 14-туры аясында 14 ұпай жинап, турнирлік кестеде 9 орында келеді. Келесі кездесуін елордалықтар 5 шілде күні “Ұлытау” ұжымына қарсы өткізеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×