
Иван Башич
«Астана» Еурокубок қарсаңында алғашқы трансферін жасады.
Елордалық клуб Босния және Герцеговина құрамасының жартылай қорғаушысы Иван Башичті қатарына қосты. «Зриньский» клубының түлегі спорттық мансабында негізінен өзінің отанында доп тепкен. Шетелдік лигадан тек Ресейді айтуға болады. Онда 23 жастағы футболшы «Оренбург» сапында өнер көрсеткен болатын. Иван РПЛ-де жалпы 71 матчқа қатысып, 4 гол мен 5 ассисттің авторы атанған. Сондай-ақ, Босния құрамасының жейдесінде 8 ойында өнер көрсетті.
Футболшы мен «Астананың» келісімшарты келесі жылдың аяғына дейін жарамды. Иван Башичтің нарықтық бағасы 1,20 млн еуро.
Біздің серіктес: FONBET