
Хуршидбек Мухторов
Орталық қорғаушы Хуршидбек Мухторов талдықорғандық «Жетісумен» келісімге келді деп хабарлайды Аладоп.кз.
Өзбекстандық футболшы маусымды түркістандық «Тұранда» бастап, ҚПЛ аясында 11 матчта өнер көрсетіп, бір голдың авторы атанды. Қорғаушы мансабының басым бөлігін отанында өткізген: әр жылдары «Турон»,«Алмалык»,«Локо» Ташкент,«Насаф» Карши сынды клубтарда ойнап келді. Нарықтық бағасы 100 мың еуро.
«Жетісу» премьер-лигада 14 турдан кейін 13 ұпаймен оныншы келеді. Келесі турда талдықорғандық клуб «Астананы» қабылдайды.
Біздің серіктес: FONBET