«Ордабасы» қазақстандық шабуылшыны қатарға қосты

02.07.2025, 19:58

Қазақстандық шабуылшы Абылайхан Жұмабек «Ордабасы» клубымен келісімшартқа қол қойды.

«Ордабасы» қазақстандық шабуылшыны қатарға қосты

“Абылайхан Жұмабек - «Ордабасы» футбол клубының ойыншысы ✅

Қазақстандық шабуылшы «Ордабасы» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды ✍️

Осы маусымда Абылайханға клубымыздың сапында жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!”, – делінген клубтың әлеуметтік желісінде.

Transfermarkt порталы бұл футболшының құнын 150 мың еуро деп бағалайды.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-Лигасында 13 ойыннан кейін «Ордабасы» командасының қоржынында 19 ұпай бар және ол турнирлік кестеде жетінші орынды иеленіп тұр.

Шымкенттік команда Еурокубоктағы маусымын 10 шілдеде Грузияның «Торпедо» клубына қарсы алғашқы іріктеу кезеңін сырт алаңдағы матчымен бастайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×