
Қазақстанның бірнеше клубтарында доп тепкен шабуылшы Евгений Козлов қырғызстандық “Абдыш-Ата” командасымен келісімге келді.
30 жастағы ресейлік өз мансабында ресейлік “Волга”, “Зенит 2”, “Витязь”, латвиялық “Спартак”, беларустық “Шахтер” Солигорск және қазақстандық “Ақжайық”, “Қызылжар”, “Атырау”, “Шахтер” қосынында өнер көрсетті. Қаптал вингерінің мансабында үндістандық “Мохаммедан” клубы болғанын айта кетейік.
Евгений жалпы Қазақстан біріншілігінде жалпы 90 ойын өткізіп, 13 гол мен 7 голдық пасты өз атына жазды. Ішкі чемпионатта біраз маусым доп тепкенімен Козлов айтарлықтай жетістікке жете қоймады.
30 жастағы ойыншының қазіргі ауысып барған командасы Қырғыз Премьер-лигасында дардай атағы бар. Бұл клуб 3 мәрте Суперкубок, 5 мәрте Кубок және 3 мәрте біріншіліктің чемпионы атанған.
Козловқа дейін “Абдыш-Ата” шабуыл шебін күшейту үшін Әзербайжаннан Мирабдулла Аббасовты шақыртып алды. Осындай тәжірибелі футболшыларды қатарға қосу арқылы жасылдар өткен маусымдағы чемпиондықты қайталағысы бар.
Біздің серіктес: FONBET