«Алтайдың» бас бапкері Вахид Масудов Бірінші лига жайлы: биыл лига күшейе түскен

21.05.2025, 16:30

«Алтайдың» бас бапкері Вахид Масудов команданың мақсатымен бөлісіп, Бірінші лиганың қарқыны жайлы пікірін айтты.

«Алтайдың» бас бапкері Вахид Масудов Бірінші лига жайлы: биыл лига күшейе түскен
Вахид Масудов

«Жалпы, маусым енді басталды және жаман өтіп жатқан жоқ. Мен Бірінші лиганың барлық командаларын оқу-жаттығу жиындарының барысында көрдім, биыл лига күшейе түскен. Мұнда «Ертіс» пен «Шахтер» сынды клубтар келіп қосылды. Олар ұзақ уақыт бойы ҚПЛ-де өнер көрсетті. Сондықтан, жоғарылау үшін талас өте тартысты өтеді. Өткен турлардың қортындысы бойынша айтарым, Бірінші лигада қалпақпен ұрып аламын дейтіндей оңай ойындар жоқ. 

Біз жергілікті жастарды тауып, негізгі команданың жаттығуына тартуды көздейміз. Олар алаңда өздерін жақсы қырынан тезірек танытса екен дейміз, оған барлық жағдай жасалған. Клуб пен команданың бірге дамуына күш саламыз», -  деді В. Масудов. 

Айта кетейік, Бірінші лиганың алты турынан кейін «Алтай» 11 ұпаймен төртінші орынға жайғасқан. Өткен жолы өскемендік ұжым «Қайрат» жастар командасын 2:0-мен ұтып кетті. Келесі кездесуін сырт алаңда «Яссы» Түркістанғк қарсы өткізеді. Бұл бәсеке мамырдың 23-не жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×