Солтүстік Македонияны өз алаңымызда ұту проблема емес? Қазақстандық қақпашының пікірі

21.05.2025, 11:57

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев ұлттық команданың алдағы екі ойыны туралы ой-пікірін айтты.

Солтүстік Македонияны өз алаңымызда ұту проблема емес? Қазақстандық қақпашының пікірі
Уэльс - Қазақстан кездесуі

Айта кетейік, Қазақстан 5-маусымда Беларусь құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Ал 9-маусымда ӘЧ-2026 іріктеуінің аясында Солтүстік Македонияны қабылдайды.

«Меніңше, қос қарсыласқа да шамамыз келеді. Беларусьпен құрам жөнінен тәжірибе жасай алатын болсақ, Солтүстік Македонямен бәсекеде ұпай ала аламыз деп ойлаймын. Өйткені, бұл ойын өзіміздің алаңымызда өтеді» - деді А. Бекбаев.

Қазақстан құрамасы іріктеудің алғашқы екі турында 3 ұпай еншілеп, турнирлік кестеде үшінші орынға жайғасқан. Уэльстен ұтылып 1:3, Лихтенштейн командасын қапы қалдырған болатын 2:0. Әли Әлиев кеше ұлттық команданың алдағы матчтарға қатысатын футболшыларының кеңейтілген тізімін жариялаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×