«Алтайдың» тәрбиеленушісі жақын арада польшалық клубқа ауыспақ

20.01.2021, 22:58
Тағы бір қазақстандық футболшы Еуропаға аттанды.
«Алтайдың» тәрбиеленушісі жақын арада польшалық клубқа ауыспақ

"Алтайдың" 19 жастағы экс-шабуылшысы Денис Митрофанов мансабын Польшада жалғастырады, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Семей футболының тәрбиеленушісі, 19 жастағы шабуылшы Денис Митрофанов мансабын 2019 жылы "Алтайдың" жастар құрамасында бастады. Екінші лигада ол 25 матч өткізіп, 8 гол соқты. Денис өткен маусымда Бірінші лигада "Алтайдың" негізгі командасында дебют жасады. 11 матч өткізіп, 2 голдың авторы атанды. Сонымен қатар Қазақстанның жасөспірімдер құрамасында өнер көрсетті.

"Алтайдың" бұрынғы шабуылшысы Денис Митрофанов жақын арада "Висла" ойыншысы атанады. Еске салайық, 2020 жылдан бастап осы клубта Семейдің тағы бір тумасы Георгий Жуков ойнап жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×