«Қайраттың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында кімдермен ойнайтыны белгілі болды

20.01.2021, 21:28
Матчтар ақпан айына жоспарланған.
«Қайраттың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында кімдермен ойнайтыны белгілі болды

«Қайрат» футбол клубының Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластары анықталды. Алмытылық команда әзірге бес жолдастық матч өткізуді жоспарлауда.

«Қайрат» клубы 4 ақпанда Мәскеудің «Динамосымен» ойнайды, 6 ақпанда «Крылья Советов» клубымен және украиналық «Александриямен», ал 9 ақпанда Мәскеудің «Торпедосымен» және Черногорияның «Будучность» клубымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда «Қайрат» соңғы 16 жыл ішінде алғаш рет чемпион атанған болатын. Екінші орын «Тобылға», ал үшінші орын «Астанаға» бұйырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×