"Алтын допқа" кім лайықты? Сіз үшін 2014-ші жылдың үздігі кім?

19.12.2014, 04:45
"Алтын допқа" кім лайықты? Сіз үшін 2014-ші жылдың үздігі кім?
Енді-енді аттағалы тұрған алдымыздағы 2015-ші жылдың 12-ші қаңтар күні осы жылдың үздік ойыншысын білетін боламыз. Месси, Нойер, Роналду. Үш үміткер. Әрине, футболға бүрегі бұрып тұрар әрбір жанның бұл үштік жайында өз пікірі бар. Аладоп сайты да 2014-ші жылдың майталмандары жайлы пікірін ортаға салып, үздіктердің тізімін жасаған жайы бар. Айырмашылығы, тізімде финалист үш ойыншымен қатар, осы жылы үздік деп санаған тағы жеті ойыншы бар. 1. Криштиану Роналду 2013-ші жылы "Алтын допты" еншілеген португалиялық сұрмерген, бұл жылы да сөзсіз үшінші рет үздік атанады деген сенім бар. 2014-ші жыл да  Роналду мансабындағы үздік жылдардың бірі болды. "Реал Мадридті" Чемпиондар Лигасының шыңына шығарды, өзі де сол турнирдің сұрмергені атанды. "Реалдың" да, Роналдудың да бүгінгі қарқынан адам шошырлық. Португалиялық шабуылшы Премьерада 14 ойында 25 гол тоғытыпты. Чемпионаттың кестесін қарасаңыз, 15 команда 14 ойынның ішінде 25 голдан аз салыпты. Роналду жылдан-жылға өзіңе деген талапты арттырады. Жыл өткен сайын деңгейін жоғарылатпаса, төмендеткен емес. Әрине, осы жылдың 12 айы да Роналду үшін тамаша өтті дей алмаспыз. Әлем чемпионатында Португалиямен бірге көлеңкеде қалды. Оған себеп те жоқ емес. Біріншіден, "Реал Мадрид", жалпы испан клубтары("Атлетико", "Севилья") 2013-2014 маусымда ең көп ойын өткізген командалар екенін білесіз(бұл Испания ұлттық құрамасына да кері әсерін тигізді). Екіншіден, Португалияның құрамын мықты деп айта алмаймыз. Паулу Бенту да команданы қысқа мерзімге қайрай алатын маман емес. Сондықтан, "Роналду әлемнің үздігі ғой, неге Португалияны сүйремеді" деп пікір айтып, Роналдуды ғана айыптау жарамас. Бір ойыншы бүкіл команданы жеңетін дәурен болған емес, болмайды да. Жеке басынның шеберлігі қанша мықты болса да, командан "команда" болмаса, қарсыласты тізе бүктіруін неғайбіл. "Алтын допты" еншілеу мүмкіндігі: 70 пайыз 2.Лионель Месси  2014-жылдың екінші жартысын ғана Месси жоғары деңгейде өткізді деуге болады. Премьерада "Барса" көшбасында болмаса да, Месси голға айналған пастарды оңды-солды беріп, голдарды тоғытып жүр. Чемпиондар Лигасында "Барсаның" топтан бірінші орынмен шығуына айтарлықтай үлесін қосты. Екі рекорд жаңартып үлгерді. Ал, әлем чемпионатынада Аргентинаның нағыз капитаны, команданың көшбасшысы екенін дәлелдеді. "Хавиньеста Аргентинада жоқ, сондықтан Месси ұлттық құрамада жарқын ойнай алмай жүр"-деген сыншылырдың аузына құм құйды Бразилия жасыл алаңдарында. Егер де, Месси "Барселонамен" бірге не Испан Премьерасын, не Чемпиондар Лигасын жеңгенінде Ронаулдумен "Алтын допқа" таласта айқын бәсекелес бола алар еді. Ал, католондықтардың Испанияда "Атлетикоға" жол беріп, Чемпиондар Лигасында ұзақ жылдардың бері бірінші рет ширек финалдан аса алмағанын білеміз. Сондықтан, аргентиналық қарға бойлы шеберді осы жылдың үздігі дей алмаймыз. Тіпті, осы үздік үштікке енгеннің өзі күмәнді. Роббен, Мюллер, Анхель Ди Мария... Алтын допты еншілеу мүмкіндігі: 20 пайыз 3. Мануэль Нойер Нойердің шеберлігіне дау жоқ. Мануэль соңғы 2-3 жылдың ішінде әлемдегі үздік қақпашы. Канның ізбасары. Дегенмен де, Нойердің, "Алтын Допты" алуды бұйырмаған сол атақты Оливер Каннан, 2004-ші жылы әр ойында кем дегенде 10 сэйвтан жасап, Грекияның кәрі құрлықтың чемпионы болуына негіз болған Никополидистен, Әлем чемпионы Буффоннан, әрі Әлем чемпионы, әрі Еуропа чемпионы Касильястан артықтығын байқамаймын. Әрине, Нойерді олардың жарқын шағымен салыстырып отырмыз. Сондықтан, неміс қақпашысы үшін талай-талай шеберлерді артқа тастап, үштіктен орын алғанның өзі жетістік. Алтын допты еншілеу мүмкіндігі: 10 пайыз 4. Арьен Роббен 5. Анхель Ди Мария 6. Томас Мюллер 7. Хавьер Маскерано 8. Неймар 9. Златан Ибрагимович 10. Луис Суарес Бұл Аладоп сайтының 2014-ші жылдың үздік он футболшысы жайлы ойы. Сіз үшін кім Алтын допқа лайықты кім, үздік ондығығыздың тізімі қандай?   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×