U-17 ҚҰРАМАСЫН КАРЛЕС БАКЕС БАПТАЙТЫН БОЛДЫ

20.12.2014, 22:03
U-17 ҚҰРАМАСЫН КАРЛЕС БАКЕС БАПТАЙТЫН БОЛДЫ
Астанада Қазақстан футбол федерациясы кеңсесінде 17-жасқа дейінгі құрама команданың бас бапкерін таныстыру рәсімі болып өтті. Енді аталмыш құраманы испаниялық Карлес Бакес баптайтын болды. Карлес Бакес католониялық «Барселона» футбол академиясында қызмет атқарған. Одан кейін бас бапкер ретінде әзірбайжанның «Хазар-Ленкорань» командасын жаттықтырған. Су жаңа бапкерді Қазақстан футбол федерациясының ұлттық құрамалар дирекциясының басшысы Владимир Нидергаус таныстырды. 54952cac2fc0bВладимир НИДЕРГАУС ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАЛАР ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ -         Жаңа бапкер 17-жасқа дейінгі жастарымыздың жаттығу жүйесін ретке келтіреді деп сенеміз. Испаниядан жаттықтырушы келіп, құрамамыз Испания секілді ойнап кетеді десек, қателесеміз. Бір күнде бола салатын дүние жоқ. Десе де, білікті маман ел футболының дамуына үлес қосады деп ойлаймын. Испаниялық бапкермен Қазақстан футбол федерациясы 2 жылдық келісім шарт жасасқан. Карлес БАКЕС U-17 ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ -         Менің мақсатым – испаниялық футбол әдісін қазақстандық жастардың бойына сіңдіру. Қазақстан жастарының бір ойынын көрдім. Команданың қорғанысы шабуылға араласпайды және шабуылшылар қорғанысқа көмектеспейді. Осындай олқылықтардың бетін алып, командалық футболды орнықтыруға тырысамын. Владимир Нидергаустың айтуы бойынша команданың ендігі негізгі мақсаты барлық турнирлерде жүлдегерлер қатарына ену. Сонымен қатар, күзде басталатын Әлем чемпионатының іріктеу турниріне дайындалу. Және сол бәсекеде жақсы нәтижеге қол жеткізу. Карлес БАКЕС U-17 ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ -         Қазақстанның әрбір аймағына барып жастарды өзім іріктейтін боламын. Келесі жылы бізде күнтізбе өте тығыз тұр. Каспий кубогы Қазақстан президенті кубогы секілді жарыстарға дайындалуымыз керек. Ал жылдың соңына қарай бізді іріктеу турнирі күтіп тұр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×