«Алтын допқа» үміткерлердің жаңа тізімі жарияланды

30.06.2020, 17:57
Лионель Месси үздік үштіктен шығып қалыпты.
«Алтын допқа» үміткерлердің жаңа тізімі жарияланды

Goal «Алтын допқа» үміткерлердің жаңартылған рейтингін жариялады. «Баварияның» поляк шабуылшысы Роберт Левандовски әлі де көшбасшы. Екінші орынды қазір «Ювентус» жұлдызы Криштиану Роналду иеленіп отыр, ол алдыңғы рейтингте 4-орында болған. Үздік үштікті "Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне аяқтайды. Алдыңғы тізімде 3-орынды иеленген «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси үздік үш үміткерлердің тізімінен шығып қалды.

Goal-дың жаңартылған нұсқасы бойынша «Алтын допқа» басты 10 үміткердің тізімі келесідей:

1.Роберт Левандовски ("Бавария");

2.Криштиану Роналду ("Ювентус");

3.Кевин Де Брюйне ("Манчестер Сити");

4.Лионель Месси ("Барселона");

5.Томас Мюллер ("Бавария");

6.Карим Бензема ("Реал Мадрид");

7.Неймар ("ПСЖ");

8.Эрлинг Холланд ("Боруссия, Дортмунд");

9.Килиан Мбаппе ("ПСЖ");

10.Джейдон Санчо ("Боруссия Дортмунд").

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×