Болжам. «Барселона» тағы ұпай жоғалтады

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
30.06.2020, 08:18
Сейсенбі күніне жоспарланға көптеген қызықты матчтар бар. Ал кеше берген болжамымыз 100 пайыз шықты.
Болжам. «Барселона» тағы ұпай жоғалтады

"Брайтон" - "Манчестер Юнайтед"

"Манчестер Юнайтед" Поль Погбаның ойынға оралуымен күшейіп кетті. Қорғаушылардың біразы да қазір жарақаттарынан айықты. Бруно мен Погба жақсы тіл табысты. Рэшфорд пен Марсияль керемет бабында жүр. Баяғы Дуат Йорк пен Энди Коул секілді. Менің ойымша "Брайтонды" жеңуге клубтың шамасы жетеді. "Қызыл сойқандардың" жеңісін алдым. 1,66 кэф.

"Леганес" - "Севилья"

"Севилья" соңғы матчтарда ұпай жоғалтты. Енді барлығын қалпына келтіретін кез келді. Соңғы минуттарда гол салып, көп жеңілістен аман қалды. Өткен турда да солай. ВАР құтқарып қалып жатыр. "Леганестің" қақпасына гол салады деп ойлаймын. Оған 1,3 кэф беріп тұр екен.

"Мальорка" - "Сельта"

"Сельта" маусым соңына қарай қатты ойнайтын әдеті емес пе? Өткен турда қалай ойнағанын білесіздер, "Барсаны" селт еткізді. Яго Аспас нағыз бабында жүр. Смолов та мүмкіндік болса гол салады. Менің ойымша өз алаңында ойнайтын "Мальорка" да гол салуы тиіс. Матчтың тоталы 1,5 көп. 1,45 кэф.

"Барселона" - "Атлетико" Мадрид

"Барсаның" ішінде бүлік болып жатыр дейді. Футболшылар Сетьенге сенбейміз дейді. Мұндай атмосферада олар осы ойынды қалай жеңбекші? Түсінбедім. Бірақ, "Атлетико" жеңеді деп бәс тіккенге де қорқасың. Онда ойын тең болады деген сөз ғой. Матч тоталы 3,5 кем (1,3 кэф) немесе "Атлетико" М гол салады 1,57 кэф. Матч түнгі сағат 02-00 де (Нұрс уақыты)

"Торино" - "Лацио"

"Лацио" соңғы кездері ойындардың көбіне байланысты ойыншылар құрамына көптеген өзгерістер енгізді. Ротациясыз жағдай қиын екенін Симоне Индзагги жақсы біліп отыр. "Фиорентинамен" ойында орташа құрам шығарды. Жеңіске жетті. Бұл ойында "Торинода" көп мүмкіндік бола қоймас. Өткен жолы олар "Кальяриге" жеңілді. Қорғанысы өте нашар екені байқалды 4 гол жібергені соның дәлелі. Менің ойымша "Лацио" осы матчта да 2 гол салады. "Лацио" тоталы 1,5 көп.

Айтпақшы, "Дженоа" - "Ювентус" ойынында Роналдудың командасы жеңетінін біліп отырсыздар ғой. Әлде, басқа ойларыңыз бар ма? Жаза отырыңыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×