1996 жылғы бас жүлдені Роналдо алуы тиіс болатын. Бірақ "алтын доп" сол кездегі Еуропа чемпионатын ұтқан неміс Матиасқа бұйырды.
1996: Заммер мен Роналдо
Бразилиялық сол 1996 жылы талай көрсеткіште алдына жан салмай, ФИФА-ның үздік футболшысы атанған болатын. Көпшілік 96 да Роналдоға қиянат жасалды дейді.
2001: Оуэн мен Рауль
Рауль "Реалмен" ЧЛ үш рет қатарынан ұтса да "Алтын допты" басынан асырып көтере алған жоқ. Бұл жылы бас жүлде "Ливерпульмен" УЕФА Суперкубогін ұтқан Оуэнде кетті.
2003: Анри мен Недвед
Тьери Анри мансабында бұл жүлдеге 2003 те өте жақын болды. Бірақ бұл жолы оның алдын "Ювентусте" жақсы маусым өткізген "Чехияның фуриясы" орап кетті.
Біздің серіктес: FONBET