«Алтын доптың» иегері 10 айға түрмеге қамалды

27.02.2015, 02:14
«Алтын доптың» иегері 10 айға түрмеге қамалды
Футболдан Италия құрамасы сапында 2006 жылы әлем чемпионы атанған, сол жылы «Алтын доптың» да иегері болған Фабио Каннаваро түрмеге қамалды. Бұл туралы The Guardian агенттігі хабарлайды. 
Атақты футболшы салық төлеу тәртібін бұзған көрінеді. Осыған байланысты 2014 жылдың қазан айында Италия билігі Неапольдағы Каннаваро мен әйелінің барлық мүлкін тартып алған. Бұл шамамен 1 миллионның заты болатын деп жазады аталған басылым. Фабиомен қатар оның әйелі Даниэл мен інісі Паоло да түрмеге қамалады. Фабионың қамалған інісі кәсіби футболшы. Қазіргі кезде «Сассуоло», командасында ойнайды. Фабио футболдағы карьерасын «Наполиден» бастаған. Кейіннен «Интер», «Ювентус», «Реал» сапында өнер көрсетті. Түрмеге түскенге дейін Қытайдың «Гуанчжоу Эвергранде» клубының бас бапкері болды.   BAQ.KZ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×