Алтыншы тур аяқталды

13.04.2015, 17:50
Алтыншы тур аяқталды
Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 6-шы турында «Тараз» өз алаңында елордалық «Астананы» қабылдады. Кездесудің алдында Станимир Стойловтың ұжымы қағаз жүзінде фаворит саналған. Алайда ойын соңында жамбылдықтардың пайдасына таблода 2:0 есебі жанып тұрды. Алдымен 28-ші минутта шабуылшы Александр Пищур есеп ашса, екінші таймның 68-ші минутында Эдуард Сергиенко тараздықтардың екінші голын салды.  Кездесудің 74-ші минутында қорғаушы Дмитро Башлай екінші ескертуін алып, алаңнан қуылғанымен, Евгений Яровенконың командасы 10 футболшысымен сауатты қорғанып, жеңісті есепті сақтап қалды. Осылайша жамбылдық ұжым маусымдағы екінші жеңістеріне қол жеткізді. 4-турда қонаққа келген алматылық «Қайрат» та Тараздан ұпайсыз қайтқан. 6-шы турдың орталық кездесуінде Шымкентте «Ордабасы» алматылық «Қайратты» қабылдады. Оңтүстік дербиде голдар мен ескерту қағаздары өте көп болды. Ойынның 15-ші минутында өз айып алаңында Сергей Малыйдың қолына доп тигені үшін, «Ордабасы» қақпасына пенальти беріледі. Мүлт кетпеген Жерар Гоу есеп ашады. Араға 15 минут салып алаң иелері сапында Азат Нұрғалиев Сергей Малыйға тамаша пас асырып, соңғысы ойындағы есепті теңестірген. Ал бірінші таймның 42-ші минутында Дәуренбек Тәжімбетов Плотников қақпасының кілтін табады. Алғашқы таймда Виктор Кумыков шәкірттері 2:1 нәтижесімен үзіліске аттанады. Кездесудің екінші бөлігінде «Қайрат» сапында Исаэлдің орнынан алаңға Бауыржан Исламхан шығып, капитанның ойынға араласуымен алматылықтардың шабуылы үдейе түседі. Алайда таблодағы есеп 90-шы минутқа дейін өзгермей тұрды. Тек төрешінің қосқан қосымша минутында қонақтар сапында Жарко Маркович командасының екінші голын салып, нәтижесінде ойын 2:2 болып аяқталды. Сонымен қатар, Алматыда мерзімінен бұрын «Қайрат» пен «Ертіс» 7-тур кездесуін өткізді. Ойынды алаң иелері қарқынды бастап, соңына дейін допты өз бақылауларында ұстады. Матчтың 24-ші минутында Жерар Гоу есеп ашады. Бірінші және екінші таймда алматылықтар қанша шабуылдағанымен, Давид Лория қақпасына басқа гол сала алмайды. Осылайша ойын 1:0 нәтижесімен аяқталып, Владимир Вайсстың командасы минималды басымдықпен жеңіске жетеді. 6-турдың басқа ойындарына тоқталсақ, «Атырау» «Тобыл» арасындағы бәсекеде қостанайлықтар 1:2 есебімен ұтып, 3 ұпайды олжалап кетеді. Алдымен 36-шы минутта «Тобылдың» нигериялық шабуылшысы Калу Уче гол салса, 69-шы минутта Владимир Аржанов есепті теңестіреді. «Атырау» қақпасының алдында ойын тәртібі бұзылып, Игорь Бугаев 11 метрлік айып добын сәтті орындайды. Теміртауда «Шахтер» Талдықорғанның «Жетісуын» қабылдады. Бұл жақта да 2:1 есебі тіркелді. Алайда жеңіске жеткен алаң иелері. Сондай-ақ, «Қайсар» «Ақтөбеге» қонаққа барған. Аталмыш ойында жеңімпаз анықталмады. Қос команда бір-бірінің қақпасына гол сала алмай, тең тарқасты. Қорытынды есеп 0:0. Турнирлік кестеде «Қайрат» 14 ұпаймен көш басында тұрса, «Ордабасы» 12 ұпаймен екінші сатыға жайғасты. Ал үздік үштікті елордалық «Астана» түйіндеп тұр. Соңғы орындарға «Атырау», «Шахтер» және Талдықорғанның «Жетісу» командалары жайғасқан. 7-ші тур кездесулері сәуірдің 15-ші жұлдызы өтеді. «Оқжетпес» пен «Шахтер», «Астана» мен «Ордабасы» арасындағы ойындарды сәуірдің 15-ші жұлдызы Kazsport  арнасының тікелей эфирінен жіберіп алмаңыздар.
1 Қайрат 7 4 2 1 13-3 14
2 Ордабасы 6 3 3 0 7-3 12
3 Астана 6 3 2 1 8-4 11
4 Оқжетпес 6 3 0 3 6-9 9
5 Тобыл 6 2 2 2 7-9 8
6 Ақтөбе 6 1 5 0 2-1 8
7 Тараз 6 2 1 3 4-4 7
8 Қайсар 6 1 4 1 2-2 7
9 Ертіс 7 1 4 2 7-9 7
10 Атырау 6 1 3 2 5-7 6
11 Шахтёр 6 1 1 4 5-10 4
12 Жетісу 6 0 3 3 3-8 3
ОРДАБАСЫ - КАЙРАТ 2:2 (2:1)
ЕРТІС - ОҚЖЕТПЕС 3:1 (2:1)
ТАРАЗ - АСТАНА 2:0 (1:0)
АТЫРАУ - ТОБЫЛ 1:2 (0:1)
ШАХТЕР - ЖЕТІСУ 2:1 (1:1)
АҚТӨБЕ - ҚАЙСАР 0:0 (0:0)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×