Колумбия құрамасы Перумен Америка Кубогінің қола жүлдесін сарапқа салды. Кездесу Бразилиядағы "Манэ Гарринча" атындағы ұлттық стадионында өтіп, 3:2 есебімен колумбиялықтардың пайдасына аяқталды.
Перу құрамасы 45-минутта есеп ашты. Голды Йосимар Йотун соқты. Екінші таймның басында колумбиялықтар Хуан Куадрадоның айып добынан жасаған дәл соққысынан кейін есепті теңестірді. 66-минутта Луиш Диас қақпашымен жеке-дара шығып, Колумбия құрамасының екінші голын соқты. 82-минутта Джанлука Лападула есепті теңестірді. Колумбия құрамасы үшін матчтағы жеңісті голды 94-минутта Диас соқты.
Аргентина Америка Кубогінің финалында Бразилиямен кездеседі. Матч 11 шілдеде өтеді.
Біздің серіктес: FONBET