Педро Эуженионың қай командаға ауысатыны белгілі болды

10.07.2021, 22:27
Футболшы өзін еурокубок бәсекесінде сынап көрмек.
Педро Эуженионың қай командаға ауысатыны белгілі болды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, португалиялық вингер Педро Эуженио Нұр-Сұлтанға ұшып келіп, "Астанамен" келісім-шартқа отырды.

Эуженионың елордалық клубқа ауысуы туралы келіссөздер бұған дейін де жүргізілген болатын, бірақ басқа ҚПЛ клубтары, сондай-ақ болгариялық "Лудогорец" те футболшыға қызығушылық танытты. Бірақ ең нақты ұсыныс «Астанадан» келді, ал "Тараз" футболшының алдында ашылған мүмкіндіктерді (Конференция лигасы мен алтын медальдар үшін күрес) ескере отырып, Педроны жіберуге келісім берді.

Эуденио Премьер-лиганың осы маусымында 18 матчына қатысып, 7 гол соқты, бұл көрсеткіш бойынша ол жамбылдық клубтың көшбасшысы болды. Одан бөлек, 4 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×