Қазақстан Кубогінің жүлде қоры белгілі болды

10.07.2021, 22:46
Турнир тарихында алғаш рет командаларға сыйақы берілетін болады.
Қазақстан Кубогінің жүлде қоры белгілі болды

Қазақстан футболының тарихында алғаш рет бас демеуші OLIMPBET компаниясы тарапынан клубтардың спорттық жетістіктері үшін жүлде қоры құрылды, деп хабарлайды ҚКФЛ ресми сайты.

Топтық кезеңге өткен барлық қатысушылар 5 миллион теңге мөлшерінде кепілдендірілген төлемдерге қол жеткізді. Жарыстың 1/4 финалына шыққаны үшін әр команда тағы да 10 миллион теңгеден алады, жартылай финалға қатысушыларды да осындай көлемде жүлде күтеді. Кубок жеңімпазы қосымша 30 миллион, ал финалға шыққан команда 15 миллион теңге иеленеді.

Келісімге сәйкес, барлық жүлделерді демеуші клубтарға турнир аяқталғаннан кейін төлейді.

Айта кетейік, турнирге барлығы 16 команда қатысады, оның ішінде 14-і OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының өкілдері. Сонымен қатар тізімге Бірінші лиганың өкілі «Мақтаарал» (Түркістан облысы) және Екінші лигада өнер көрсететін №8 БЖМОРСМ (Нұр-Сұлтан қаласы) кірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×