Анатолий Антипин: «Қақпашы – шығармашыл тұлға»

21.06.2013, 18:31
Анатолий Антипин: «Қақпашы – шығармашыл тұлға»
Біздің клубтағы ең жас бапкер Анатолий Антипин болып табылады. Ол небәрі 21 жаста. Жас маман қақпашылармен жұмыс істейді. Біз Анатолийге біздің бірнеше сұрақтарымызға жауап беруін өтіндік. - Неліктен, футбол, әрі қақпашылардың бапкері болып табыласың? Әдетте, қақпашылармен, жоқ дегенде, Бірінші лигадан өткен адамдар жұмыс істейді. - Мен – өзімнен-өзім үйренген жоқпын. Бірінші лигаға шыққанда, «Цесна» командасында қорғаныстың соңғы аралығында ойнадым. Содан кейін денсаулығым дұрыс болмай, маған белсенді әрекет етуіме тиым салынды. Солай менің таңдау жасауыма тура келді: ары қарай не істек керек? Өзімді өмірдің басқа салаларында тексеріп көрдім. Бірақ менің жаным алаңды аңсап тұрды. Сосын мен бапкерлерімнің ұсынысымен клубқа келдім.   - Сен өзің кімде жаттықтың? - Алдымен Марат Сраждиновте, сосын Александр Сергеевич Убыкинде. Олардан көп нәрсені үйрендім. Қақпашы үшін ең бастысы – ойынды оқи білу. Шынын айтсам, тек уақыт өте келе тәжірибе аласың. Егер де бапкер  өзінің қамқорлығындағылардың қателіктерін көрмесе, оларды талдамаса,  жаңа тактика-техникалық тәсілдерді қолданбаса, онда оның шәкірттерінде де, өзінде де шеберліктің артуы болмайды.   - Ал теориялық білімдерді қайда алдың?   - Алдымен колледжде, содан кейін Университетте. Жоғары білімім туралы дипломды биыл алатыным рас.   - Қазір біздің клубта қайта құру болып жатыр. Саған ол біліне ме? - Білінгенде қандай! Қазір, спорт директорының лауазымына Патрик ван Лиувеннің келуімен, біздің тәрбиеленушілердің дайындық сызбасы өзгерді. Мұның жақын болашақта оң нәтижесі болады деп есептеймін. Біздерге – тәлімгерлерге деген талаптар да күшейді.   - Нешінші жылғы футболшылармен сен қазір жұмыс істеп жатырсың? - Менде 15-17 жастағы тәрбиеленушілер.   - Олардың ішінде жақын арада «Қайрат» командасының қосарлама құрамын толықтыра алатын келешекті балалар бар ма?  - Мен екеуін атар едім – Илья Қараев пен Кәрім Сұлтановты. Олар өте келешекті қақпашылар.   - Жаттығуларда өзіңнің жаттығуларыңды қолданасың ба? - Мен өзімнің тәлімгерлерімнен барлық керектіні алдым. Бірақ жаттығулар барысында кейде, жаңа ойлар келеді. Ескі жаттығуларды, оларға өзімнің элементтерімді қосумен жетілдіруге тырысамын. Жалпы, тек әрбір сабаққа шығармашылықпен қарау ғана қамқорлығыңдағылардың шеберліктерін арттыруға мүмкіндік береді. Сонда жігіттер үлкен қызығушылықпен жаттығады. fckairat.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×