Анчелотти "ПСЖ" бапкері атанды

04.01.2012, 21:17
Анчелотти "ПСЖ" бапкері атанды

 Әйгілі италияндық бапкер Карло Анчелотти Францияның  белді клубы «Псжнің» тізгінін ұстады. Бұл командаға қожайын болып отырған катарлық шейхтар париждік клубты болашақта Еуропаның үздігі қыламыз деп отыр.

Осы уақытқа дейін Антуан Комбуареден тәлім алып келген ПСЖ биылғы маусымда нашар нәтиже көрсеткен жоқ. Деседе, алдағы еурокубоктық бәсекеден үміттеніп отырған клуб басшылығы 52 жасар білікті бапкердің көмегіне жүгініпті.  Бір кездері «Парма», «Ювентус», «Милан» және «Челси» сынды Еуропаның маңдай алды командаларын жаттықтырған италиялық енді ПСЖны да жаңа деңгейге көтереді деп күтүлуде. Әзірге Анчелоттидің қанша жалақы алатыны белгісіз. Ал, катарлық шейхтардың ендігі мақсаты команда сапына ағылшындық Дэвид Бекхэмді тарту болып отыр. Қазірдің өзінде танымал футболшымен арада бірнеше келіссөз жүргізілген. Алайда, соңғы шешімді әйгілі жартылай қорғаушы таяу уақытта мәлімдемек.

Елдос ҚАМБАЛИЕВ

«КТК» 

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×