Анчелоттидің келесі аялдамасы

21.04.2025, 14:00

Бразилия футбол федерациясы Карло Анчелоттиді ұлттық құраманың жаңа бас бапкері ретінде тағайындауды қалайды. CBF өкілдері Анчелоттимен келіссөздер жүргізу үшін бірнеше күннен бері Мадридте жүр, және осы аптада да қалатын сыңайлы. Олар бұл келліссөзді Клубтар арасындағы әлем чемпионаты басталғанға дейін аяқтауды көздеп отыр.

Анчелоттидің келесі аялдамасы

Анчелоттидің “Реал Мадридпен” келісімшарты 2026 жылға дейін жарамды болғанымен, клуб басшылығы маусым соңында онымен қоштасу туралы талқылап жатқандығы туралы ақпараттар тарауда. Бразилия құрамасының басты мақсаты 2026 жылғы әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсету үшін құраманы Карло Анчелоттиге басқарту болып отыр.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×