“Реал Мадрид” Родриді қатарға қосуды көздеп отыр

21.04.2025, 15:00

"Мадридтік" клуб "Манчестер Ситидің" негізгі тірегі, жартылай қорғаушы Родриді сатып алғысы келеді. 

“Реал Мадрид” Родриді қатарға қосуды көздеп отыр

Алайда бұл трансфердің жүзеге асуы екіталай. Родри Пеп Гвардиоланың тактикалық жүйесінде басты рөл атқарады және клубтан кетуге ешқандай ниеті жоқ.

Родри "Манчестер Ситиде" өзін өте жайлы сезінеді, әрі оның келісімшарты бірнеше жылға дейін жарамды. Сонымен қатар ойыншының өзі де "Манчестерлік" клубтан кетуді жоспарлап отырған жоқ.

Қазіргі таңда “Мадридтіктер" жартылай қорғау шебін күшейту бағытында жұмыс істеп жатыр. Бірақ Родри бұл жобаның бір бөлігіне айналуы екіталай болып тұр.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×