
Өзбекстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Абдуходир Хусанов пен "Манчестер Сити" бас бапкері Хосеп Гвардиола арасындағы “жанжал” туралы жаңа мәліметтер тарады.
Бұған дейін олардың арасында тілдік түсініспеушілікке байланысты келіспеушілік орын алғаны айтылған еді. Кейбір ақпарат көздері Хусановтың айтқан сөзін Гвардиола дұрыс түсінбей, оны түрлі мағынада қабылдап, ренжіп қалғанын, соның салдарынан ойыншыны маусымның қалған бөлігіндегі матчтардан шеттетті деп хабарлаған болатын.
Алайда, жағдайды Илон Масктың бастамасымен жасалған Grok атты жасанды интеллект жүйесі талдап, бұл оқиғаның жалған екенін мәлімдеді.
Дегенмен Хусанов соңғы бір айда алаңға шыққан жоқ. Ол Англия Премьер лигасындағы соңғы төрт матчтың үшеуінде тек қосалқы құрамда отырып, бір ойында мүлде құрамаға ілінбеген.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET