«Андерлехт»-«Мехелен»: 3:1

07.08.2011, 16:29
«Андерлехт»-«Мехелен»: 3:1
Еуропаның бірнеше елінде футбол маусымы басталды. Кешелі бері Германия бундеслигасы мен Франция чемпионатының алғашқы тур ойындары өтсе, Бельгия командалары екінші турға аяқ басты. Андерлехт өз алаңында Мехеленді қабылдап, 3:1 есебімен басым түсті. Матчтың 26-шы минутында Андерлехт футболшылары пенальти тебуге мүмкіндік алып, Америкалық легионер Саша Кльестанның соққысынан кейін алға шықты. Мехелен екінші таймда таразы басын теңестірді. Қонақтардың алғы шептегі футболшысы Давид Десторм кезекті шабуылды бастап, соңында өзі түйіндеді. 60-шы минутта алаң иелері нәтижелі жауап қатты. Уругвайлық шабуылшы Матиас Суарес күшті соққысымен қақпаның бір бұрышын дәл көздеп, Андерлехті алға жетеледі. Кездесуді алаң иелерінің тағы бір шабуылшысы Ромелу Лукаку қорытындылады. Суарестің пасын нәтижеге ұластырған футболшы матчқа нүкте қойды. Есеп:3:1. Андерлехтің пайдасында. khabar.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×