Қазақстан жастар құрамасы жиында жүр

07.08.2011, 16:38
Қазақстан жастар құрамасы жиында жүр
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Алматы облысындағы базада оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Сербиялық Слободан Крчмаревичтен тәлім теретін жастар 2013-ші жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турниріне дайындықтарын пысықтауда. Аға жаттықтырушының қарамағында премьер-лига мен бірінші лигада ойнайтын 27 футболшы жүр. Сербиялық маман бұл жиындағы негізгі жұмыс ойыншыларды іріктеуге арналған дейді. Жаңа футболшылардың мүмкіндігі мен деңгейі осы жолы белгілі болады. Ұлттық құрамаға лайықты үш-төрт жаңа ойыншыны команда қатарына қоссақ, бұл оқу-жаттығудағы мақсаттың орындалғаны дейді аға бапкер. Естеріңізге сал кетейік, жерлестеріміз Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын сырт алаңда Румындармен өткізіп, 0-0 есебімен тең түскен болатын. Енді Қазақстан жастар құрамасы қыркүйектің 2-сі мен 6-сында Алматыдағы орталық стадионда Румыния мен Словакияны қабылдайды. Қазір Қазақстан өз тобында екінші орында тұр. Оқу-жаттығу жұмыстары тамыздың онына дейін жалғасады. Бапкерлер жиынның жемісін тоғызы күні Алматының Қайратымен болатын жолдастық кездесуде байқап көрмекші. khabar.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×