“Андерлехт” футболшылары Алматыға келген жанкүйерлеріне ерекше сыйлық жасады

Бүгін, 18:47

Бельгиялық "Андерлехт" Еуропа лигасының плей-офф кезеңі аясында Алматылық "Қайратпен" өткен матчқа арнайы ұшып келген 18 жанкүйеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Андерлехт” футболшылары Алматыға келген жанкүйерлеріне ерекше сыйлық жасады

Ойыншылар өздерінің адал жанкүйерлеріне матчта киген жейделерін тарту еткен.

Бельгиядан Алматыға жету үшін клуб мүшелері мен жанкүйерлерге айтарлықтай ұзақ жол жүруге тура келді. Ұшу уақыты шамамен сегіз сағатты алса, жалпы алғанда жанкүйерлер әуеде 15 сағаттан астам уақыт өткізген. Қытай шекарасынан 300 шақырымға жетпейтін қашықтықта орналасқан Алматы қаласына жету үшін 18 жанкүйер ұшақ билеттеріне қомақты қаржы жұмсаған.

"Қайратты” ойсырата жеңгеннен кейін, "Андерлехт” футболшылары стадионда соңғы ысқырыққа дейін қолдау көрсеткен жанкүйерлерге барып, өз жейделерін сыйға тартты. Айта кетерлігі, команданың өтінімінде 23 футболшы болса, жанкүйерлер саны 18 ғана болған. Сондықтан кейбір жанкүйерлерге бірден екі жейдеден бұйырған болуы мүмкін немесе кейбір ойыншылар жейделерін бермеген. Бұл әрекет футболшылардың өз жанкүйерлеріне деген құрметі мен ризашылығының белгісі ретінде бағаланды.

Еске сала кетейік, Алматыда өткен алғашқы кездесуде "Андерлехт" 3:0 есебімен басым түсті. Енді екі команда арасындағы қарымта ойын 27 тамыз күні Брюссельде өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×