“Елімайдың” бұрынғы ойыншысы қылмыстық қудалауға алынды

Бүгін, 17:40

Беларусь Республикасының Ішкі істер министрлігі футболшы Николай Золотовты іздеуге жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Елімайдың” бұрынғы ойыншысы қылмыстық қудалауға алынды

Николай Золотов 2024 жылы Қазақстандық "Елімай” сапында жеті матчқа қатысқан болатын. Қазіргі уақытта ол Молдовалық "Зимбру” клубының ойыншысы болып табылады.

Ресми мәліметтер бойынша, футболшы 2026 жылдың 7 шілдесінде қылмыстық іс бойынша Витебск облысында іздеуге салынған. Беларусь БАҚ-тарының хабарлауынша, елдің спорт министрі Сергей Ковальчук 31 жастағы спортшыны билікті сынағаны және Украинадағы соғысты айыптағаны үшін қара тізімге енгізген.

Футболшы 2021-2023 жылдар аралығында Украиналық "Колос” клубында өнер көрсеткен. Сонымен қатар, 2019 жылдан 2021 жылға дейін Беларусь ұлттық құрамасы сапында 14 матч өткізген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×