Бельгиялық “Андерлехт” клубының қорғаушысы Жюлиан Бьянкон Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында Алматылық “Қайратпен” өтетін алдағы матч туралы өз ойын бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бьянконның пікірінше, бұл кездесудегі ең негізгі қиындық — Алматыға дейінгі өте ұзақ ұшу сапары. Ойын ресми түрде Eуропалық турнир аясында өткенімен, іс жүзінде матч континенттік Еуропаның шекарасынан тыс жерде өтеді.
Бьянкон “ПАОК” клубын жеңгеннен кейін берген сұхбатында “Қайратпен” ойнау мүмкіндігіне қатысты қалжыңдап пікір білдірді.
“Шынымды айтсам, бұдан да жаман нұсқаны табу қиын болар еді. Тіпті мұндай команданың Eуропалық турнирлерде өнер көрсете алатыны таңғалдырады, бірақ ереже солай.” — деді ол.
Бельгиялық клуб Қазақстанға дүйсенбі күні-ақ ұшып шығуды жоспарлап отыр. Бұл футболшылардың жергілікті климатқа және уақыт айырмашылығына бейімделуі үшін қажет.
“Бұл ойынға бір күн қалғанда ұшып келе салатын сапар емес.” — деп түсіндірді қорғаушы.
Сондай-ақ, Бьянкон Бельгияның Про-лигасына алдағы чемпионат ойынын кейінге шегергені үшін алғыс білдіріп, мұны өте дұрыс шешім деп атады.
“Қайрат” пен “Андерлехт” арасындағы алғашқы матч 20 тамызда Алматыдағы “Орталық” стадионда өтеді. Қарымта ойын 27 тамыз күні Бельгияда жоспарланған.