“Қайратта” үлкен жұлдыздар жоқ” – Бельгиялық БАҚ қызықты дерек келтірді

Бүгін, 12:41

Бельгиялық Voetbalprimeur.be сайты Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі “Қайрат” пен “Андерлехт” арасындағы кездесу қарсаңында Алматылық клубтың қазіргі құрамына талдау жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Қайратта” үлкен жұлдыздар жоқ” – Бельгиялық БАҚ қызықты дерек келтірді

Мақалада атап өтілген негізгі жайттар:

– Құрамдағы өзгерістер: Бельгиялық сарапшылардың пікірінше, “Қайрат” құрамында қазіргі уақытта нағыз ірі жұлдыздар жоқ. Сонымен қатар, команданың қазіргі құрамы өткен маусымдағы “Брюггеге” қарсы ойынмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген.

– Дастан Сәтпаевтың трансфері: Осы жазда Алматылық клуб Дастан Сәтпаевты “Челсиге” 2,5 миллион еуроға сатқан болатын.

– Клубтың ең қымбат футболшысы — нарықтық құны 800 мың еуроға бағаланған Жоржиньо. Алайда, ол тізе байламының үзілуіне байланысты бұл матчтарға қатыса алмайды. 

– Командадағы ең танымал ойыншы ретінде Испаниялық шабуылшы Марк Гуаль аталды. Ол бұған дейін “Жирона” және “Легия” (Варшава) сияқты клубтарда өнер көрсеткен.

“Қайрат” пен “Андерлехт” арасындағы алғашқы матч 20 тамызда Алматыдағы “Орталық” стадионда өтеді. Қарымта ойын 27 тамыз күні Бельгияда жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×