Андре Шюррле мансабын аяқтады

18.07.2020, 00:34
Енді бапкер болуға кірісетін шығар.
Андре Шюррле мансабын аяқтады

Осы маусымда Мәскеудің «Спартак» клубында жалда ойнаған Германияның бұрынғы жартылай қорғаушысы Андре Шюррле мансабын аяқтады, деп хабарлайды Der Spiegel.

Неміс футболшысы небәрі 29 жасында футболдан кетті.

Шюррленің соңғы клубы Дортмундтық "Боруссия" болған еді. Ол командаға 2016 жылы «Вольфсбургтан» ауысып барды, содан кейін «Спартакта», «Фулхэмде» жалда ойнады. Бұған дейін неміс "Челси", "Байер" және "Майнц " клубтарының намысын қорғаған.

Шюррле - "Челси" клубымен Англия чемпионы атанды, "Вольфсбург" клубымен Германия кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. «Боруссияда» ойнаған кезде де Германия кубогының иегері атанды. 2010 жылдан 2017 жылға дейін Германия құрамасында ойнап, 2014 жылы әлем чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×