Андреа Пирло «Ювентустың» бапкері атанды

09.08.2020, 05:04
Алғашқы жылында Чемпиондар лигасын алады деп айту қиын.
Андреа Пирло «Ювентустың» бапкері атанды

«Ювентус» пен Италия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Андреа Пирло Туриндік команданың бас бапкері болады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Пирло «Ювентус» сапында 2011 жылдан 2015 жылға дейін ойнаған. Команданың құрамында футболшы 164 матч өткізіп, 19 гол соғып, 38 голдық пас берді.

«Ювентус» құрамында Пирло Италия чемпионы (2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015 маусымда), ел кубогының (2014/2015 маусымда) және Суперкубоктың (2012, 2013 жылы) жеңімпазы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×