Сарри «Ювентусты» шығынға батырды

09.08.2020, 04:21
Құр кетпей қалған екі жылдық жалақысын алып кетіпті.
Сарри «Ювентусты» шығынға батырды

«Ювентус» келісімшартты бұзғаны үшін Маурицио Сарриге 20 миллион еуро төлеуі керек, деп хабарлайды Football Italia.

Италиялық маманның клубпен келісімі 2022 жылға дейін есептелген болатын. Сарри салықтан бөлек бір маусымда 5,5 миллион еуро тапты. Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу үшін Маурициоға салықты қосқанда 20,3 миллион еуро беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, «Ювентус» Чемпиондар лигасының ширек финалына шыға алмады. Жауаптық кездесуде Италиялық клуб «Лионды» жеңді, бірақ бұл келесі кезеңге өту үшін жеткіліксіз болды. Кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Бірінші матчта «Лион» «Ювентусты» 1:0 есебімен жеңген болатын.

2019/2020 маусымның соңында «Ювентус» «Интерден» бір ұпай алға озып, Италия чемпионы атанды. 38 кездесуде Маурицио Сарридің шәкірттері 83 ұпай жинады. Бұл жеңіс «Ювентус» үшін Италия чемпионатында 36-шы және қатарынан алған тоғызыншы титулы болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×